Колледж күні

20.11.2018

Бүгін қараша айының 20-сыншы жұлдызында Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжіне 98 жыл толып отыр. Осы мерекеге байланысты 1 курс студенттеріне колледж тарихын НО-1-17 топ студенттері таныстырды. 1 курс студентері құлақ қойып тыңдап, бізге өздерінің сұрақтарын қойып қажет мәліметтер алды. Біз 1 курс суденттеріне колледж тарихын таныстырып болған соң, осы жұмысымыздың нәтижесі арқылы 4 курс студентеріне бардық.

Қазақ бөлімінің «Қазақ тілі және Қазақ әдебиет» мамандығында оқитын түлектерге арнап колледж тарихы туралы сауалнама өткіздік. Сауалнамаға студенттер өте белсенді қатысты. Сауалнама барысында бейне ролик көрсетілді. Бейне ролик арқылы өздернің ойларын, түсініктерін айтты. Қорыта айтқанда түлектер өздерінің сүйікті колледждеріне ізгі тілектерінің айтып, белсене қатысты.

Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж – Қазақстан Республикасының ең көне оқу орындарының бірі. Колледж тарихы сонау 1920 жылдан басталады.

Азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін Қазақстандағы халықтық білім беру ауыр күндерді басынан кешірді.

Орыс педагогикалық техникумының директоры Стрижов Ф.А, ал қазақ техникумының директоры болып Жұмағали Тілеулин тағайындалды.

Колледж тарихымен мынадай қазақ әдебиеті классиктерінің есімдері байланысты: ақын Мағжан Жұмабаев, Алматы опера театрының негізін салушылардың бірі, композитор Коцык Иван Васильевич, жазушы Сейтжан Омаров. Акраб Құдайбергенұлы Жұбанов бейнелеу өнері мен суреттен өзінің оқушысы Василий Манзяға сабақ берді. Кейін Акраб Құдайбергенұлы Жұбанов Алматы көркем сурет училищесінің директоры, ал В.Манзя колледждің оқытушысы, атақты суретші болды.

Мектеп бөлімінде екі жылдық оқыту жүзеге асырылды. Алғашқы түлектер 1925 жылы бітіріп шықты. Бұл республиканың мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. 1925 жылы 20 маусымда «Мир труда» Губерниялық газетте былай деп жазады: «Қиын жағдайдағы бес жылдық оқудан кейін Ақмола губерниясында білім беруде күресіп жүрген адамдарға алғашқы көмек беруге мүмкіндігіміз бар. Біз 40 түлекті шығардық, олар ауылға барып, онда кеңестік еңбек мектептерін ашады. Олардың 8-і қазақ ұлтынан».

1993 жылы колледжге қазақтың атақты ақыны, педагогы, ғалымы М.Жұмабаевтың аты берілді. Бұл кездейсоқ емес: өткен ғасырдың 20-жылдары Мағжан Жұмабаев педагогикалық техникум мұғалімі болды.

Тасмагамбетова Б.К.,
оқытушы


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст